Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайының ескі ғимаратында қандай жұмыстар жүргізіледі

Жарияланған күні:

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой жаңа терминалдың құрылысы туралы толық ақпарат берді. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы әуежайында жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысының барысымен танысты. Бүгінгі таңда жаңа халықаралық терминал ғимаратының дайындық деңгейі – 93 пайыз.

Альп Эр Тунга Ерсой терминал үшін барлық қажетті техника мен әуежай жабдықтары сатып алынғанын, оның бір бөлігі қазірдің өзінде орнатылғанын атап өтті.

"Жолаушылардың жайлылығы үшін жаңа терминалда әр қабатта ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қажетті жағдай, балаларға арналған ойын алаңы, сондай-ақ демалыс бөлмелері, бірлескен жұмыс аймақтары, VR-бөлме, үй жануарларына арналған дәретхана қарастырылған

Сонымен қатар жаңа терминалда көпшілік назарына қазақстандық авиация мұражайы ұсынылады", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы әуежайының жаңа салынып жатқан терминалы
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қолданыстағы терминалдың жаңартылатынын ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайының жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін ұлғаяды.

Әуежай президенті алдағы 50 жылға арналған шеберлік жоспары аясында компанияның жоспарлары туралы да айтып өтті. Тұжырымдамаға сәйкес, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін қолданыстағы терминал ғимараты жаңартылып, ішкі рейстерге қызмет көрсету үшін толығымен қайта жабдықталады.

Сонымен қатар екі терминал арасында ыңғайлы транзитті қамтамасыз ететін жер үсті өткелі салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068539-almaty-auezaiynda-zana-terminal-iske-qosylgannan-keiin-eski-gimaratta-qandai-zumystar-zurgiziledi/