Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрлігі үш баланы тоқ соғып көз жұмғаны туралы желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон зарядтағышымен
Телефон зарядтағышымен. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш бала тоқ соғып көз жұмды деген хабарлама пайда болды. Ақпаратқа Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың мәліметінше, елімізде кей бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Түркістан облысында тоқ соғып, мерт болған үш бала туралы ақпарат тарап жатыр.

Желіде тараған хабарламада олар қуатталып тұрған телефонды ұстағаннан кейін тоқ соғып, көз жұмғаны айтылады. Қазнетте тараған аудио хабарламаға сурет те қоса берілген.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің хабарлауынша, бұл - фейк.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында телефон қуаттығышнан тоқ ұрып, үш баланың қаза тапқаны туралы жалған ақпарат тарады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ.

Дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуды сұраймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069223-oqu-agartu-ministrligi-us-balany-toq-sogyp-koz-zumgany-turaly-zelide-taragan-xabarlamaga-qatysty-pikir-bildirdi/