"Оқушы қызды зорламақ болған": Түркістан облысында түрмеден шығып, 9 күннен кейін қайта қылмыс жасаған ер адам сотталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркістан облысы Кентау қаласында 11 жастағы қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамға қатысты сот процесі аяқталды. Үкім шығарылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым ақпартынша, қылмыс өткен жылдың сәуірінде болған. Зорлық-зомбылық әрекет қыз өз үйінің ауласында ойнап жүрген кезде болған. Ол қарсылық көрсеткен, содан кейін қаскөй оқушы қызды аяусыз ұрып-соғып, буындыра бастаған. Қызға өтіп бара жатқан адамдар көмектесті.
Ер адамға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылды.
Ол 2018 жылы алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру және тонау қаупімен үйлестірілген сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталғаны анықталды. Колониядан шыққаннан кейін 9 күн өткен соң ол қылмысты қайталаған.
Сотта ер адам өз кінәсін ішінара мойындап, қызды зорлағысы келмегенін, тек сөйлесу үшін оған жақындағанын айтты.
"Соттың шешімімен айыпталушы кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстың қауіпті қайталануы деп танылды. Үкімдерді ішінара қосу арқылы оған 15,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол жазасын қатаң қауіпсіздік режимінде колонияда өтейді", - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ер адам бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымданбақ. Апелляция 19 наурызда өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069403-oqusy-qyzdy-zorlamaq-bolgan-turkistan-oblysynda-qaitalap-qylmys-zasagan-er-adamga-sot-ukimi-syqty/