Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төрт күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Жарияланған күні:

жеткіншек
Жеткіншек. Көрнекі фото: pexels.com

Полицейлер мен еріктілер бірнеше күннен бері іздеген жасөспірім "Алматы Арена" спорт кешені маңынан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы іздеген 15 жастағы жасөспірімді тапты. Жасөспірім Нұркент ықшамауданында, "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында табылды", – делінген ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасында.

Айта кетейік, 13 наурызда жоғалып кеткен баланы іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған.

Кәмелетке толмаған баланы 500-ден астам адам іздеді

Бұрын хабарланғандай, жедел-іздестіру іс-шараларына жедел уәкілдер, ювеналды полиция инспекторлары, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ еріктілер мен мұғалімдер қатысты.

Ең алдымен сауда және ойын-сауық орталықтары мен жеткіншектің жақын ортасы тексерілді.

Сонымен қатар Алматы маңындағы базарлардың бірінде жас жігіттің қаңғып жүргендігі туралы ақпарат тексерілді. Іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Адам із-түссіз жоғалып кетсе не істеу керек

"Электрондық үкімет" порталында адам із-түссіз жоғалған жағдайда алдымен "102" нөміріне қоңырау шалу немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлау қажет екендігі айтылады.

Полицияға ұсыну маңызды болатын ақпарат:

● жоғалған адамның жеке деректері аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шаш түсі, мең, тыртық, дене әшекейі сияқты ерекше белгілері;

● адам жоғалған кездегі жағдайлар туралы мәліметтер.

Егер бала жоғалса, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласу керек.  Полиция  адамның болмауы ұзақтығына және оның болжамды жоғалып кетуі жеріне қарамастан өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті. 

Мұндай өтінішті беру үшін уақытша шектеулер жоқ.

Адам жоғалып кеткен сәттен бастап 3 күн өткеннен кейін ғана жүгінуге болады деп ойлау қате.Осы уақытта өзіндік   шағын-тергеу жүргізуді бастау керек — достарына, әріптестеріне хабарласу, адамның жақсы көретін орындарына бару,   жоғалған адам күн сайын пайдаланған маршрутпен жүріп өту және т. б. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069715-almatyda-tort-kun-buryn-zogalyp-ketken-zasospirim-tabyldy/