Түркістан облысында жоғалып кеткен бала өлі табылды
Жарияланған күні:
16 нуарызда Түркістан облысының Біртілек ауылында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР ТЖМ-ның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 16 наурызда 15:00-де үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен. Куәгердің айтуынша, суару каналынан баланың аяқ киімі табылған.
Сағат 16:40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069745-turkistan-oblysynda-zogalyp-ketken-bala-oli-tabyldy/