"Кек алатын уақыт келді": белгісіз біреу Рудный мектептеріне шабуыл жасалады деген хабар таратты
Жарияланған күні:
Рудныйдағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпаратты белгісіз біреу әлеуметтік желіде таратқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына үндеу жасады.
"Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз біреулер қылмыс дайындап жатқаны туралы жалған ақпарат таратты", - деді ведомство өкілдері.
Полиция бұл дерек полицияда тіркелгенін мәлімдеді.
Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
"Азаматтардан арандатуға берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069826-kek-alatyn-uaqyt-keldi-belgisiz-bireu-rudnyi-mektepterine-sabuyl-zasalady-degen-xabar-taratty/