660 мыңнан астам қазақстандық жалған көмек сұраушыларға ақша аударған
Жарияланған күні:
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда 138 банктік картамен (краудфандингке) түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жиналғанын анықтады. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ қадағалу органына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысында белгілі болды.
Агенттік мәліметінше, жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық ақша жолдаған. Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгеге жеткен, оның 33 пайызында (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
Әлеуметтік желілерде халықтан қаражат жинау және оларды мақсатсыз пайдалану анықталды.
ҚМА басшысы Д. Малахов азаматтар "ем" және "жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету" үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.
"Алаяқтар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, "өтірік" мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін", - деп ескертті агенттік өкілдері.
Отырысқа қатысушылар АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері - краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Агенттік ақпаратына сәйкес, краудфандинг – бұл жобаларды, бастамаларды және стартаптарды қаржыландыру үшін қолданылатын ақша жинаудың инновациялық тәсілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069886-660-mynnan-astam-qazaqstandyq-zalgan-komek-surausylarga-aqsa-audargan/