Қарағандыда ауданды мерекелік безендіруге миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ болған
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімдігінің 900 млн теңгеден астам сомаға жоспарланған мерекелік безендіру конкурсы тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органының мәліметінше, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды.
Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылғаны конкурстың күшін жоюға себеп болды.
"Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұзарту басқа да жеткізушілердің қатысуын шектеген.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурсының күші жойылып, конкурсты жылына бір рет жариялау талаптары сәйкестендірілді", - делінген облыстық прокуратура хабарында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070048-qaragandyda-audandy-merekelik-bezendiruge-milliard-tengege-zuyq-qarzy-zumsalmaq-bolgan/