Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесіне қатысты жауабын сынға алды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс отырысында экс-министр, депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі мәселелеріне тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Депутат МӘМС жүйесіне қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің берген жауабына көңілі толмады.
"Денсаулық сақтау министрлігінің барлық мәселеге бір жауабы бар. Олар мантра сияқты менеджменттің нашар екенін, жер-жерде дұрыс жұмыс атқарылмай жатыр айта береді. Екінші жауап - жалған мәлімет, үшіншісі - жою. Төртінші жауап – жарналарды көбейту. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, біз әрқашан қандай да бір жарналарды көбейтуге тырысамыз", – деді ол.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жауапты ведомство МӘМС жүйесін жетілдіруі қажет.
"Жалған мәлімет беруге қатысты мәселелер бар: өйткені стандарттар жоқ.
Ал қазір Денсаулық сақтау министрлігінде әдістемелік негіздер жеткіліксіз. Нашар басқарылады деп те айта алмаймыз. Бас дәрігерлердің 100 нашар менеджер болуы мүмкін емес. Жаңа басшылық осы сұрақтардың барлығына нақты жауап береді деп сенемін", – деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070066-aimagambetov-densaulyq-saqtau-ministrliginin-mams-zuiesine-qatysty-zauabyn-synga-aldy/