Алдағы үш күнде Қазақстанда қайтадан күн суытып, 18 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, 21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.
20 наурызда Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады.
20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнауы мүмкін.
Еліміздің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы -7...-18 градусқа дейін төмендесе, күндіз -6...+6 градусқа дейін көтеріледі. Ал республиканың оңтүстік жартысында түнде 0...-10 градусқа дейін суытып, күндіз +3...+18 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070141-aldagy-us-kunde-qazaqstanda-qaitadan-kun-suytyp-18-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-mumkin/