Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері бірнеше күнге жабылады
Жарияланған күні:
21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу іске асырылмайтынын хабарлайды", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Комитет өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – дейді ведомстводағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070288-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-otkizu-punktteri-birnese-kunge-zabylady/