Ақмола облысының тұрғынынан екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі мылтық табылды
Жарияланған күні:
Ақмола облысында Біржан сал ауданындағы ауыл тұрғыны екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақты үйінде сақтаған. Полицейлер қаруды тәркіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Біржан Сал ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Заураловка ауылының тұрғынынан 1941 жылы шыққан Шпагин жүйесінің тапанша-пулеметін тапқан.
"Ауыл тұрғыны мылтықты жаз мезілінде даладан тапқанын түсіндірді.
Алдын ала нұсқа бойынша қарудың құрамдас бөліктері жоқ және мылтық ату үшін жарамсыз екенін анықтады. Алайда пулемет тапаншасында атыс қаруының негізгі бөліктері бар, оларды мақсатына сай қолдануға болады", - деді тәртіп сақшылары.
Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, сот-баллистикалық зерттеуге жіберілген.
"Тіркелген қару" және "қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында тексеру жүргізілуде.
ПД өкілдері сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070504-aqmola-oblysynyn-turgynynan-ekinsi-duniezuzilik-sogys-kezindegi-myltyq-tabyldy/