Министр: Қазақстандықтар қайтадан қолма-қол ақшадан мобильді аударымдарға ауысып жатыр
Жарияланған күні:
Үкіметтегі брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде мобильді аударымдарға қатысты қазіргі ахуал туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мәди Тәкиев Қазақстанда 3 ай ішінде 100-ден астам мобильді аударымдарды алу кәсіпкерлік қызмет болып саналатынын еске салды. Осы 100 мобильді аударымның жалпы сомасы бойынша үшінші критерий әлі де талқылануда және ол 250 мың теңге деңгейінде бекітілуі мүмкін.
Тәкиевтің айтуынша, мобильді аударымдар "қайтып келді".
"Бізде мұндай жағдай ешқашан болған емес. Яғни бүгін жағдай тұрақталды, банктермен сөйлестік: халық мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтар айында бізде 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелді", – деп қосты Қаржы министрлігінің басшысы.
Қазақстандағы мобильді аударымдар
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді ақша аударымдары тексеріле бастады. Дегенмен қарапайым азаматтардың алаңдамауы керектігі атап өтілді – мұндай тексерулер ақша аударымдарын кәсіпкерлік қызметінен кірістерін жасыру үшін пайдаланатындарға ғана қатысты.
Осы орайда кейбір жосықсыз сатушылар тауар немесе қызмет ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарта бастады. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, мұндай әрекеттер заңсыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070813-ministr-qazaqstandyqtar-qaitadan-qolma-qol-aqsadan-mobildi-audarymdarga-auysyp-zatyr/