"Зорлау расталмады": ІІМ басшысы Павлодар облысы әкімінің орынбасарына қатысты іс туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс кулуарында Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың аты аталған іске қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Қазір бопсалау ісі сотта түсті, сондықтан пікір білдірудің қажеті жоқ. Зорлау фактісіне қатысты, расымен де арыз болды. Іс қозғадық, тексердік, расталмады. Содан кейін істі тоқтаттық", - деді Ержан Сәденов.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді.
"Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов.
Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінгі таңда іс сотқа жіберілді", - деп түсіндірген еді аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071494-zorlau-rastalmady-iim-bassysy-pavlodar-oblysy-akiminin-orynbasaryna-qatysty-is-turaly-aitty/