Желіде балта ұстап шабуыл жасаған жігіттің видеосы тарап жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желілерде жартылай киінген ер адамның балта ұстап алып, адамдарға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарап жатыр. Бұл оқиға Семейде болған деген болжам бар. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жіберіліп жатқан видеоның кадрларынан жартылай жалаңаш ер адам тұрғынның артынан жүгіріп барып, оны жерге құлатып, балтамен ұра бастағанын көруге болады. Бұл оқиға Семейде болған деген болжам бар.
Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Оқиға бізде емес, Ресейде болды", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Атырау облысында тапаншамен, арматурамен қаруланған екі адам автобусқа кіріп, жолаушыға оқ атқан. Шабыул жасағандар бас бостандығынан айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071500-zelide-balta-ustap-sabuyl-zasagan-zigittin-videosy-tarap-zatyr/