Жауын-шашын, көктайғақ: 21 наурызға арналған ауа райы болжамы
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" синоптиктері 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, республика бойынша жауын-шашын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады.
Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыста және орталықта көктайғақ болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071794-zauyn-sasyn-koktaigaq-21-nauryzga-arnalgan-aua-raiy-bolzamy/