ҰҚК Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар мен көліктердің жиналу себебін түсіндірді
Жарияланған күні:
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттерінде Қазақстаннан шығып жатқан адамдар мен көлік құралдарының жиналу себебін түсіндірді.
"Бұл "Наурыз мейрамын" мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ "Қапланбек", "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты", - делінген ресми хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072028-uqk-ozbekstan-men-qazaqstan-sekarasynda-adamdar-men-kolikterdin-zinalu-sebebin-tusindirdi/