"10-13 жастағы балалар": елімізде асырап алған баланы қайта жетімдер үйіне өткізу дерегі көбейді
Жарияланған күні:
Елімізде асырап алған баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген. Жаңа отбасыға келген бүлдіршіндерді ата-анасы араға бір жыл салмай кері қайтарып жаты, деп хабарлайды КТК арнасы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көбіне 10-13 жастағы балалар кері қайтарылады. Ал нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды.
Арна мәліметіне сүйенсек, бала құқығын қорғау мақсатында, бала асырап алушылардың кәсіби институты ұғымы енгізіледі. Жетімдер үйінен асырап алынатын әр баланың құқығы ашық жазылады.
"Асырап алынған баланың балалар үйіне қайтару азаймай тұр. Үнемі өсу үстінде. Мысалы, соңғы бес жылда балалар үйіне қайтарылған бала саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы – 160 бала, 2021 жылы – 197 бала қайтарылған", – деді мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072133-10-13-zastagy-balalar-elimizde-asyrap-algan-balany-qaita-zetimder-uiine-otkizu-deregi-kobeidi/