Ішкі істер министрлігі алаяқтарға алданбау үшін не істеу керектігін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі алаяқтарға алданбаудың тәсілдерін айтты. Мамандар қазақстандықтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz-тің Telagram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мамандар мәліметіне сүйенсек, төмендегі нәрселерді жасамау арқылы, сіз өзіңізді алаяқтардың арбауынан сақтайсыз.
Алаяқтардың айласына түсіп қалмас үшін не істеу керек:
- Күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз;
- Жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз;
- Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- Қосымшаларды орнату үшін тек ресми қолданбаларды пайдаланыңыз;
- Шотыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072136-iski-ister-ministrligi-alayaqtarga-aldanbau-usin-ne-isteu-kerektigin-aitty-video/