Ертең Астана мен Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Ертеңге Астана мен Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.
Наурыздың 25-і түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының шығысы мен орталығында да түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының да оңтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін.
25 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ал Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында әрі батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында жел күші 15-20 м/с дейін жетеді деген болжам бар.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар аралас ақ жауын жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде болса тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде жел күші 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с дейін жетеді, ал күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с болмақ.
Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыс батысы мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс пен батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деген болжам бар.
Сондай-ақ ертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072823-erten-astana-men-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/