Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент полиция департаментінің басшысы өңірдегі "кадр бизнесі" туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Думан Таев
Думан Таев. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкент қалалық ПД басшысы Думан Таев өз жұмысына тоқталды. Ол бұл өңірдің тумасы болмаған соң ешкім хабарласпайтынын айтып, оған пара ұсынылды ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Думан Таев Шымкент қалалық ПД бастығы қызметінде 7 айдан бері жұмыс істеп жатыр.

Қазір генерал-майор шенінде. Ол қызметін 1980 жылдардың аяғында қарапайым жедел уәкіл болып бастаған. Сол кездің өзінде-ақ жас тәртіп сақшысы артқа жол жоқ екеніне, өмірін биліктегі қызметпен байланыстыратынына сенімді болды.

Думан Таев Шымкент қалалық полиция департаментінде кадрлық жағдайдың қалай екенін айтып, "кадр бизнесі" туралы сұраққа жауап берді. Қалалық полиция басшысы жұмысқа кандидатты қабылдауда таныс-тамыр, басқа да әдістер оған жүрмейтінін бірден атап өтті.

"Былай айтайын, кадр бөліміндегі орынбасарымнан бастап, тіпті басқарма басшылары мен олардың орынбасарына дейін өзгертілді. Мен бәрін ашық жүргіземін. Жұмысқа қабылдау барлығы заң бойынша жүреді, оның мүмкіндігі мен тәжірибесіне қараймын. Келісім бойынша деген жоқ", - деді сенімді түрде Думан Таев.

Генерал полиция қызметкерлерінің жұмысына деген адалдығын тексеріп көріп те анықтайтынын атап өтті.

"Қазір, мысалы, біз адамдарды жұмысқа аламыз, содан кейін біз оларды оқытуға жібереміз. Сондай-ақ Integrity check деп аталатын бағдарлама бар. Бұл бағдарлама қызметкерлердің жұмысына деген адалдығын тексеруге арналған және өте жақсы нәтиже береді", – деп түсіндірді ол.

Қалалық полиция департаменті басшысы сыбайлас жемқорлыққа да тоқталды. Генерал бұл кеселмен күресу қиын, бірақ мүмкін екеніне сенімді.

Басылымның жазуынша, генерал оған пара ұсынылды ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

"Сіз маған маған пара ұсынды ма деп сұрақ қойдыңыз. Жоқ! Пара берудің қажеті де жоқ. Маған бастық ретінде өтініштер айтылды, телефон арқылы өтініштер жасалды. Бұл жағдайды тез тоқтаттым, бұл жерде мені ешкім білмейді. Мен бұл жердің тумасы болмаған соң, маған ешкім хабарласпайды. Мен заңсыз жеке сұрақтар бойынша мазаламауды қатаң ескерткем", - деді ПД басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073483-symkent-policiya-departamentinin-bassysy-onirdegi-kadr-biznesi-turaly-aitty/