Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік белгілі полиция қызметкері ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент патрульдік полиция полкінің рота командирі Азамат Айымбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды қала сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот мәліметінше, Айымбетов 21 наурызда ұсталған. Оны қалалық ІІБ ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, жергілікті тұрғындардан бопсалау туралы арыз түскен.

Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі күдікті Азамат Айымбетовке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғанын хабарлады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - деп атап өтті сот өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, офицер Азамат Айымбетов Шымкент жергілкті полиция қызметінің басшысы Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен шағымданып, видеоүндеу түсіркеннен кейін қазақстандықтарға белгілі болды. Ол басшының оған қымбат заттар сатып алуға мәжбүрлегенін айтты.

Осыдан кейін Бұхарбаев ұсталды. Антикор Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, алайда сотқа "Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның билігін немесе қызметтік өкiлеттiгiн асыра пайдалануы" бойынша түскенін айтты.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қол астындағы қызметкер бастығына әуе билеттерін, сағаттар, iPhone телефондары, киім-кешек, жиһаз, тіпті үйге шырша сатып алған.

Нәтижесінде Шымкент жергілікті полиция қызметінің экс-басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін оның жазасы екі есе қысқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073528-symkenttik-belgili-policei-ustaldy/