Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастарға – 1 млн теңге": мемлекеттен кім грант ала алады және талаптары қандай

Жарияланған күні:

Жастар
Жастар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде NEET санатындағы жастардан Zhas Project жобасы бойынша кіші гранттарға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жобаның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлы Дала" ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы” Республикалық қоғамдық бірлестігі кіші гранттар байқауын жариялайды.

"Жобаға NEET санатындағы 18-34 жас аралығындағы жастар қатыса алады", - делінген жобаның ресми сайтында.

Өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталып, 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Грантқа кім қатыса алады?

  • өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
  • өтініш берушінің жасы өтініш берген кезде 18 бен 35 жасқа дейін болуы керек;
  • өтініш берілген кездегі облыс аумағында өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы керек;
  • өтініш беру кезінде өтініш беруші ресми уақытша жұмыссыз санатында болуы керек.

Өтінімдер 25 сәуірден бастап 14 мамыр аралығында іріктеледі.

Конкурс жеңімпаздары 15 мамырда жарияланады.

Толық ақпарат cisc.kz сайтының Zhas project бөлімінде көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073531-elimizde-zastarga-beriletin-1-mln-tengelik-grantqa-otinim-qabyldau-bastaldy/