Орал әкімдігін еріген қар суы басып қалды (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрал қаласының әкімдігін еріген қар суы басып, ғимараттың төменгі қабаты су астында қалған. Оқиға орнында түсірілген фотосуреттер жарияланды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Басылым мәліметінше, Оралда таңертеңнен бері жаңбыр жауған. Синоптиктердің болжамынша сәрсенбі мен бейсенбіде де жауын-шашын болады деп күтіледі.
Жиналған су көлшіктері қаланың шетінде ғана емес, орталығында да пайда болған, деп жазады басылым.
Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшіп, толассыз жаңбыр салдарын жоюға бағытталған жұмыстар атқарылып жатқаны хабарланды.
Орал қаласы әкімдігінің ғимаратын еріген қар суы мен жаңбыр суы басып қалды. Жер қатынастары бөлімі орналасқан төменгі қабатқа су кірген, қазіргі уақытта су сорғыту жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар тұрғындар да көмек сұрап, қоңырау шалған. Бірер күн ішінде 249 мекенжай бойынша оралдықтардан 600-ге жуық өтініш келіп түскен.
Айта кетейік, "Қазгидромет" мамандары Батыс Қазақстан облысында дауылдық ескерту жариялаған. 27 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының орталығында қатты жаңбыр жауып, қатты жел күтіледі. Сондай-ақ облыс тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073618-oral-qalasy-akimdiginin-gimaratyn-erigen-qar-suy-basyp-qaldy-foto/