Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының тұрғыны көлік алу үшін алаяққа 3,8 млн теңге беріп, алданып қалған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола тұрғыны шетелден нарықтағы бағадан төмен бағада көлік әкеліп береміз дегендерге сеніп, ақша төлеген. Алайда ол көлігін ала алмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 наурызда Целиноград аудандық полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Ол бейтаныс азамат көлік сатамын деген желеумен оның ақшасын иемденіп алғанын айтты.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, оған бір азамат көрші елдердің бірінен 3,8 млн теңгеге көлік сатып әкеп берем деп ұсыныс айтқан.

"Кездейсоқ танысы ер адамға нарық құнынан төмен бағада жақсы көлік алуды ұсынып, WhatsApp арқылы интернеттен жүктеп алған көлігінің суретін жіберген. Ақшаны алғаннан кейін ол жәбірленушімен байланысын тоқтатқан", - деді Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 30 жастағы елорда тұрғынын ұстады, ол арызданушының ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындаған.

Бұл факт бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073651-aqmola-oblysynyn-turgyny-kolik-alu-usin-alayaqqa-38-mln-tenge-berip-aldanyp-qalgan/