Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда электр қуаты өшуі ықтимал

Жарияланған күні:

жарық бағаны
Жарық бағаны. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ауа райы нашарлауына байланысты электр қуаты, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілері авариялық түрде ажыратылуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, "Алматы Қала Жарық" және "Алатау Жарық Компаниясының" апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр.

Кезекші бригадалар барлық өтінішке жедел түрде жауап беріп, ақауларды тез арада жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық ажыратулар туралы ақпаратты "АЖК" АҚ ресми сайтынан білуге болады. Ол үшін сайтта Алматының электр энергиясын ажырату бойынша "интерактивті картасы" бөліміне өту қажет.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, мамандар электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС "Байланыс орталығына" 356-99-99 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалуды сұрайды.

Сыртқы ажыратулар анықталған жағдайда "Алматы Қала Жарыққа" жүгініп, мына нөмірлер бойынша қоңырау шалуға болады: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56 немесе 390-20-40, 390-20-60.

Сондай- ақ әкімдік ақпаратына сәйкес, диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075019-almatyda-elektr-quaty-osui-yqtimal/