Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда Қылшақты өзені қайтадан арнасынан асып, бірнеше ғимаратты су басты

Жарияланған күні:

ТЖД күштері Көкшетауда адамдарды эвакуациялады
ТЖД күштері Көкшетауда адамдарды эвакуациялады. Фото: ТЖМ

29 наурызда таңертең Көкшетау қаласында Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және бірнеше нысанды су басты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қаладағы 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы, 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Ертөстік" балабақшасының 1-қабатын су басты.

"Қазіргі уақытта 150 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 280 тонна инертті материалдар төселді", - делінген хабарда.

ТЖМ 111 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланғанын хабарлады.

Су басқан учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

"ТЖД-жеке құрамның 104 адамы, 14 техника, 9 мотопомпалар, ПД 7 адамы және 7 техника, ЖАО – 126 адам, 64 техника, 10 мотопомпалар жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, 28 наурызда Көкшетауда өзен арнасынан асып, бірнеше тұрғын үйдің ауласын су басқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075298-koksetauda-qylsaqty-ozeni-qaitadan-arnasynan-asyp-birnese-gimaratty-su-basty/