Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кісі өлтірген": ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген шетелдік азамат Таразда ұсталды

Жарияланған күні:

Шелдік күдікті
Шелдік күдікті. Фото: Жамбыл облысы ПД

Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірлік Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

"Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды", - делінген хабарда.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

"Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - деді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075337-kisi-oltirgen-tarazda-seteldik-kudikti-18-zyldan-keiin-ustaldy/