Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Яндекс Қазақстан YandexGPT нейрожелісін қазақ тілін түсінуді үйретті

Жарияланған күні:

Яндекс
Фото: depositphotos.com

Яндекс Қазақстан 2024 жылы, қазақ тілінде жазып және мәтіндерді өңдеп, сұхбат барысын есте сақтап, қолданушының нақты сұрақтарына жауап бере алатын, YandexGPT тілдік моделін іске қосады. YandexGPT қазақ тілін түсініп және сөйлеуге арнайы үйретілген, бірінші жария генеративті нейрожелі болады.

Нейрожелі қолданушыларға Яндекс қолданбасындағы виртуалды көмекші, және де Яндекс браузердегі іздеу арқылы қол жетімді болады. Қолданушылар нейрожелімен адаммен әңгімелескендей болады. Мысалы, ол кеңес бере алады, балаға қиын тақырыпты қарапайым сөздермен түсіндіреді, жарнамаға идея тауып немесе әлеуметтік желіге пост жаза алады.

Сондай-ақ Yandex Cloud бұлтты платформасында бизнеске арналған YandexGPT коммерциялық нұсқасын іске қосу жоспарлануда. Ол қазақстандық компаниялар мен әзірлеушілерге генеративті нейрожелі негізінде өнімдер мен сервисті дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, YandexGPT көмегімен қолданушылар пікірлерін талдап, үлгілер бойынша жіберілімдерге арналған мәтіндер құрап және қолдау қызметіне арналған чат-боттарды іске қоса алады.

YandexGPT базалық моделі негізінде жасалды. Оны қосымша үйрету үшін, бірінші кезеңде әр түрлі тақырыптар мен сұхбаттарды қамтитын, қазақ тіліндегі жүз мыңдаған сұраныс пен жауап дайындалды. Бұл модельге тіл мен мәдени кодты түсінуге мүмкіндік береді.

Нейрожеліні үйретуге Яндекс Қазақстан AI-жаттықтырушылар қатысады. Олар нейрожелі жауаптарын бағалайды — дәлдігі, толықтығы, нақты дұрыстығы, грамматикасы мен стилі — және қазақ тілінде эталонды сұраныстар мен жауаптар жазады. Содан кейін оны нейрожеліге үйретеді, осылайша оның жауаптарының дәлдігін арттырады.

"Яндекс Қазақстан" туралы

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075571-yandeks-qazaqstan-yandexgpt-neirozelisin-qazaq-tilin-tusinudi-uiretti/