Теміртау әкімі қалада төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады (видео)
Жарияланған күні:
Теміртау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақау себеп болды. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Теміртау әкімі Instagram парақшасында маңызды хабарландыру жасап, қалада ТЖ режимі енгізілгенін хабарлады.
"Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.
Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында біз ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді қала басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075886-temirtau-akimi-qalada-totense-zagdai-rezimi-engizilgenin-xabarlady-video/