Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Жарияланған күні:

Азық-түлік қорабы
Азық-түлік қорабы. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пункт Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылды. Гуманитарлық көмек мына тізім бойынша қабылданады:

  • азық-түлік;
  • ауыз су;
  • медициналық препараттар және медициналық керек-жарақтар;
  • киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
  • заттар (көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, жастықтар және басқалар);
  • шаруашылық тауарлары (шатырлар, карематтар, термостар, шамдар, пауэрбанктер, шәйнектер, балалар ыдыстары, емізіктер, т. б.);
  • гигиена құралдары (жөргектер, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабын, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және басқалар).

Мекенжайы: Байтұрсынов көшесі, 22/1.

Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076270-almatyda-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-gumanitarlyq-komek-qabyldau-punkti-asyldy/