Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының Шет ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Мұхтаров мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы әкімдік Instagram желісінде жариялады.
Онда Шет ауданында тасқын судың инженерлік желілерге зақым келтірмегені, елді мекендермен байланыс үзілмегені айтылған. Соған қарамастан аудан басшылығы зардаптарды жою жұмыстарын жүргізуде.
"Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі. Тұрғындарға келтірілген шығынды анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Сенім телефоны: +7 (710 31) 21 -3-04, 21-5-09", - делінген әкім Мұхит Мұхтаров қол қойған әкімдік хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076276-qaragandy-oblysyndagy-audandardyn-birinde-totense-zagdai-zariyalandy/