Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге алматылықтар 1 тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады

Жарияланған күні:

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек
су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

Гуманитралық көмек ретінде азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және тағы басқа заттар жиналды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы (QAMQOR CHARITY ҚҚ, "Қазақстан волонтерлар лигасы" ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund Newman және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.

"Қабылдау пункті апта аяғына дейін жұмысын жалғастырады. Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынұлы көшесі, 22к1

Қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден сағат 19:00-ге дейін. Байланыс номері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40", - делінген әкмідік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077433-su-tasqynynan-zardap-sekken-onirlerge-almatylyqtar-1-tonnadan-asa-gumanitarlyq-komek-zinady/