Биыл жаз айларында Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды
Жарияланған күні:
Синоптиктер биыл көктем және жаз айларында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, сәуір және мамыр айларында ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы бір айдағы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, Жауын-шашын мөлшері сәуір айында республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде - норма шамасында, мамырда жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде климаттық норма шамасында болжанады.
Көктемде ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін. Елде түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде, ал оңтүстік аймақтарда үсік жүруі мүмкін.
Маусым айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, яғни әдеттегіден ыстық, елдің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.
Шілде, тамыз айларында Қазақстанда ауаның орташа айлық температурасы норма шамасында, тек тамызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде.
Егер жаздың басында маусым айында алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз күтілсе, шілде және тамыз айларында көптеген облыста жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, шілде айында елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, ал тамызда орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077622-biyl-zaz-ailarynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/