Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзеннен трактормен өтпек болған": Абай облысында суда жоғалып кеткен ер адамдарды іздестіру жалғасуда

Жарияланған күні:

Бөрлі өзеніндегі іздеу жұмыстары
Бөрлі өзеніндегі іздеу жұмыстары. Фото: Абай облыстық ТЖД

Абай облысында трактормен Бөрлі өзенінен өту кезінде суда жоғалып кеткен екі азаматты іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында өзеннен өтемін деп үш адамның жоғалып кеткенін жазған едік.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар, барлығы 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 техника, 2 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Су айдындарының көктемгі ластануына және өзендердің ағу жылдамдығына байланысты іздестіру жұмыстары қиындаған.

Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды.

"Куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған. Бірақ белгісіз себептермен жоғалып кеткендер адамдар ұсынылған көмектен бас тартқан және оларды техникамен бірге эвакуациялауды күткен", - делінген ТЖМ хабарында.

Осы уақытта Аягөз ЖҚЖ құтқарушылары қаладан 80 км жердегі "Шығыс" шаруа қожалығында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Онда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатып, аттан құлаған 1977 жылы туған ер адам суға кеткен. Аталған аймаққа жету қиын және онда байланыс жоқ.

"Осыған байланысты Бөрлі өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан күштер мен құралдар жіберілді.

Айта кету керек, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077721-ozennen-traktormen-otken-abai-oblysynda-suda-zogalyp-ketken-er-adamdardy-izdestiru-zalgasuda/