"Қазақмыс" пен Kaz Minerals тобы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 800 млн теңге бөлді
Жарияланған күні:
Қазақстанның тау-кен саласындағы компаниялары - Kaz Minerals Тобы мен "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлді.
Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, қажетті тауарларды сатып алуға және ең көп зардап шеккен аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын болады.
Компаниялар табиғи апаттың зардаптарын тез арада жоюға, инфрақұрылымды және азаматтардың күнделікті өмір салтын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде.
Бұған дейін KAZ Minerals және Қазақмыс Аягөз ауданындағы су тасқынынан, Түркістан облысындағы су тасқынынан, Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп, өздерінің өндірістері орналасқан аймақтарындағы әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078096-qazaqmys-pen-kaz-minerals-toby-su-tasqynynan-zardap-sekken-onirlerge-650-mln-tenge-boldi/