Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Bek Air ұшағы апаты бойынша тергеу 5 жыл өткенде аяқталды

Жарияланған күні:

Құлаған ұшақ
Құлаған ұшақ: Қазақстан Бас прокуратурасы

"Bek Air" әуе компаниясының Fokker-100 маркалы әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғанын хабарлады.

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілген.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және тағы басқа шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078258-almatydagy-bek-air-usagy-apaty-boiynsa-tergeu-ayaqtaldy/