Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Салтанат Нүкенованың жарақаттары түсірілген суреттерді көпшілікке көрсетуге тыйым салды

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурор "Бау" мейрамханасынан алынған бейнежазбаларды қарап-тексеру хаттамасын зерттеуді өтінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордалық сотта прокурор қылмыс жасалған "Бау" мейрамханасынан және Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаевпен бірге барған "Қазақстан" орталық концерт залынан алынған бейнежазбаларды көруге өтініш білдірді.

Судья бейнежазбаларды көрмес бұрын алдымен процессуалды құжатты зерттеу керек екенін айтты – бұл бейнежазбаларды және оқиға болған жерді қарап-тексеруге арналған хаттамалар.

Зардап шеккен тараптың адвокаттары мен Салтанаттың ағасы Айтым Нүкенов "көруге қиын соғатын" фотосуреттер мен бейнежазбаларды көпшілікке көрсетпеуді сұрады. Адвокат бұған мәйіттің фотосуреттері мен дене жарақаттарына қатысты барлық нәрсе жататынын нақтылады.

Қуандық Бишімбаевтың өзі, керісінше, бейнежазба мен фотолар көпшілікке көрсетілгенін қалайтынын айтты.

"Қоғам айтылған әңгімелер шындыққа жанаспайтынын білуі үшін керісінше (дене жарақатын көрсету – ред. ескертпесі) қалар едім", - деді Бишімбаев.

Судья "қоғамның назарында болмауы үшін" суреттерді көпшілікке көрсетпеу туралы қаулы шығарды. Суреттерді алқабилер ғана көре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078264-sot-saltanat-nukenovanyn-zaraqattary-tusirilgen-suretterdi-kopsilikke-korsetuge-tyiym-saldy/