Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады
Жарияланған күні:
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері 2024 жылдың 4 сәуірінде жұмыс істемейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-да "Цинмин" мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізбейтінін хабарлайды", - делінген хабарда.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078309-qytaimen-sekaradagy-avtomobil-otkizu-punktteri-uaqytsa-zabylady/