Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кемсітеді": олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында шу шықты

Жарияланған күні:

Олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжі
Олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжі. Видеодан кдр: КТК телеарнасы

Алматыдағы Дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп–интернатының жұмыссыз қалған аспаздары шу шығарды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшісінің жұмыстан шығып қалған аспаздар сөзіне сүйеніп айтуынша, асхана меңгерушісі тәлімгерлерге арналған ас-ауқатты үйіне тасуды тапсырады екен, ал қарсы шыққандарын балағаттап, жұмыста қыспаққа алатын көрінеді.

"Балағаттап, боқтайды. Әділет дегені бар. Мен ондай сөзді өмірімде естімеппін. Біздегі меңгеруші Құралай Сәрсенбекқызы жұмыскерлерге жаман қарайды. Ұрады, соғады, боғауыз сөз айтады, кемсітеді", - дейді аспаз Бижамал Үмбетәлиева.

Аспаздардың айтуынша, меңгеруші апта сайын асханаға арнайы жүк көлігін жібереді екен. Бюджеттің ақшасына алынған азық-түліктің бір бөлігі сол көлікке тиеледі деп отыр. Соның кесірінен құнарлы тағам қажет ететін спортшыларға ас-ауқат жетпей жатады. Шарасыздықтан, меңгерушінің тапсырмасымен тұрып қалған жемістер мен көгеріп кеткен шұжықтарды жуып-шайып береміз дейді.

"Көлік әкеп қояды, соған тиейміз. Ет те, тауық та, май да, қаймақ та бар. Қысқасы не бар, соның бәрін тиетеді. Аптасына екі рет. Ет келген кезде бізді жоғарыға шығарып жібереді. Құралай Сәрсенбековна, Дина Мұхамеджанова және қойма басқарушы. Үшеуіне арнайылап бөлек тамақ жасаймыз. Күнделікті таңғы ас, түскі ас істейміз. Міндетті түрде жасаймыз. Жасамасақ, ішіп отырған тамағымыз тамақ емес, ірің болады", - дейді аспаз Гүлзира Бейсенбекова.

Олардың сөзінше, меңгеруші жұмыстан шығарылған, бірақ екі айдан соң жұмысына қайта кіріскен.

"Орнын босатуын қалаймыз. Өйткені ол босатылған болған. Біз әділдікті қалап, ол шықса, біз де шығамыз деп, шығып кеткенбіз. Ол шықпаған. Екі айдан кейін қайтып оралып отыр. Бізді алдады. Жеті адам жұмыссыз қалып отырмыз", - дейді Толғанай Нұрсәлімова

Ал мекеме заңгері Еркебұлан Қалыбаев оған себеп бар деп отыр. Жеті аспаздың азық-түлікті алғаны дәлелденіпті.

"Азық-түлікті рұқсатсыз сыртқа шығарып, сол факті бойынша бейнебақылау камераларына түскен. Сол бойынша акт рәсімделіп, содан кейін бұл кісілер өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Одан кейін мекеме басшысының бұйрығы бар", - дейді ол.

Аспаздар азық-түлікті алғанын мойындап отыр. Бірақ тапсырма берген меңгеруші дейді.

"Менің Құрайлаға бір дәлелім жоқ. Ұстап алған факт жоқ, бұл кісілер сияқты", - дейді олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж директоры Сағат Сырлыбаев.

Бүгіннен нәтиже шықпаса, аспаздар құзырлы органдарға арыз жазуға бекінген. Тексеріс жүргізуін сұрайды. Өйткені бұл мекемедегі былық бастан асады деп отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079335-kemsitedi-olimpiada-rezervinin-respublikalyq-mamandandyrylgan-mektep-internatynda-su-syqty/