Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да директорлардың декларациясын тексермеген шенеунікке айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Қызметкер. Көрнекі фото: Pixabay.com

Аудан әкімдігінде бөлім басшысы заң талаптарын бұзған – сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралар қабылдамаған, соның салдарынан шенеунікке айыппұл салынды. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы заңының қаржылық бақылау шараларын қолданбау түрінде өрескел бұзушылықтар анықталған.

Аққайың ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде оларға заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған.

"Салдарынан бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Бұған қоса салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 250 директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079428-sqo-da-direktorlardyn-deklaraciyasyn-teksermegen-seneunikke-aiyppul-salyndy/