Сарапшы ChatGPT қашан толықтай қазақша "сөйлей алатынын" айтты
Жарияланған күні:
"Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" бас директоры Рүстем Биғари бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ChatGPT қазақ тілінде контент жасауы үшін не қажет екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Рүстем Биғари бұл чат қазірдің өзінде қазақ тілінде жауап бере алатынын, бірақ мінсіз жауаптар алу үшін көп жұмыс істеу керек екенін айтты.
"Сіздер айтып отырған ChatGPT бәріміз көргендей қазақ тілінде де контент жасай алады. Бірақ ChatGPT толық сөйлеп, дұрыс жауап беруі үшін 13 миллиардқа жуық токен қажет.
Бүгінгі таңда ChatGPT-дің өзі, яғни Open AI шамамен 1,5 (миллиард токен – редактордың ескертпесі) шамасында. Бұл 10 есе аз. Неліктен? Өйткені әлемдегі ашық деректер корпусы сонша деректі қамтиды", - деді ол.
Қазір, сарапшының айтуынша, Қазақстанда отандық контентті дамыту бойынша үлкен міндет тұр. Осы мақсатта кітапханалармен, шығарма авторларымен жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Атап айтқанда қазақша модель жыл соңына дейін әзірленіп, жұртшылыққа ұсынылуға тиіс. Оны одан әрі дамытуға сіз бен біз көмектесуіміз үшін, оны іске қосу үшін есептеу қуаты қажет", - деді спикер.
Ол Цифрлық даму министрлігінде екі консорциум құрылғанын, сондай-ақ осы чатты қолдауға бағытталған стартаптар мен жобалар қолға алынғанын айтты.
"Бюджет енді ғана қалыптасып жатыр. Цифрды атай алмаймыз, өйткені тілдік модель жасау бірнеше кезеңнен тұрады.Деректерді жинау, "азықтандыру" ғана емес, сонымен қатар тіл мамандарымен жұмыс істеу қажет. Бұған қоса тілді таңбалауды дамыту үшін азаматтарды көбірек қосу жоспарланып отыр.
Мысалы, Корея олар (азаматтары – ред. ескертпесі) өз тілінің тілдік моделін дамыту үшін миллирдтаған қаржы жұмсап отыр. Сондай амал қолданылады", - деді Биғари.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079578-sarapsy-chatgpt-qasan-tolyqtai-qazaqsa-soilei-alatynyn-aitty/