Ақтөбе облысында 8 шетелдіктің қазасынан кейін прокуратура мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе облысы прокуратурасы жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдардың өз міндеттерін орындамайтынын анықтады. Тасжолдардың сапасыздығы – жол апатының көбеюіне бірден-бір себеп екені айтылды, деп хабарлайды қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қадағалау органының ресми сайтындағы мәлімет бойынша былтыр Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғалары 17,2 пайыз өскен. Мәселен, 648 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 748 адам зардап шегіп, 118 адам қайтыс болды, оның ішінде 15 кәмелетке толмағандар.
"Айта кететін жағдай, қайғылы жол апаттары "Самара-Шымкент" республикалық тасжолында болған.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдардың өз міндеттерін орындамайтынын анықталды.
"ҚазАвтоЖол" ЖШС-не "Самара-Шымкент" тасжолындағы шұңқырларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде бірнеше рет нұсқаулар берілді", - делінген хабарламада.
"Самара, Орынбор – Шымкент", "Атырау – Астрахан" және "Астана – Орал" республикалық тасжолындағы көліктердің барлығы Ақтөбе облысы арқылы өтеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері облыстық прокуратураның Үйлестіру кеңесінде бірнеше рет қаралған.
"ҚазАвтоЖол" ЖШС-нің жауабына сәйкес, жол жабынындағы ақаулардың шұңқырларға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы жойылғанын көрсетті.
Алайда, шығу арқылы жүргізілген қарап-тексеру нәтижесі кемшіліктердің іс жүзінде жойылмағандығы анықталды.
Қаңтар айында облыс прокуратурасы Көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс айтты.
Алайда, министрлік тек екі шенеунікті тәртіптік жауапкершілікке тартумен шектелген, ал Ақтөбе облысындағы халықаралық маңызды тасжолдарда адам өліміне әкелген жол-көлік апаттары әлі де жалғасып жатыр.
"Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – облыс жолдарының сапасыздығы. Батыс өңірді Оңтүстікпен байланыстыратын жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз екені баршаға аян. Көлік министрлігімен жолдардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбей отыр", - дейді ппрокуратура өкілдері.
Мысалы "Ақтөбе-Астрахан" тасжолының 120 шақырымында Lada Largus пен Toyota Hilux автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Lada Largus көлігінің 8 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ 3 сәуірде "Самара-Шымкент" жолының Маржанбұлақ ауылының тұсында, Өзбекстан Республикасының азаматы тізгіндеген Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alhpard шағынавтобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
"Оқиға салдарынан шағын автобус жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы барлықтары Өзбекстан азаматтары оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079584-aqtobe-oblysynda-8-seteldiktin-qazasynan-keiin-prokuratura-malimdeme-zasady/