Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер адам қызды көшеде ұрып-соққан: видеоға қатысты полиция түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қарағанды облысында ер адам әйелді ұрып-соққан
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/podslushanosaran

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Ақтас ауылында көшеде қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видеосы пайда болды. Полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Instagram желісіндегі podslushanosaran парақшасы жариялады.

Кадрларда ер адамның қызды жерде ұрып, шашынан сүйрегенін көруге болады. Қыз қарсылық көрсетіп, айқайлаған.

"Шынымен бұл кісі заң бойынша жазаланады деп үміттенеміз. Ақтастағы мектептің жанында (жұмсақ айтқанда) әйелді ұрып-соқты", - делінген видео сипаттамасында.

Қарағанды облысының полиция департаментінен NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша, 5 сәуірде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде елді мекен көшелерінің бірінде ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы видео тараған.

"Бұл жағдайда полиция қызметкерлері 27 жастағы әйел мен құқық бұзған 35 жастағы Ақтас ауылының тұрғынын тез арада анықтады. Олар бірге тұрған. Сот-медициналық сараптама әйелдің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгенін анықтады", - деді құқық қорғау органдары.

Полиция департаменті өкілдері ер адамның 15 тәулікке қамауға алынғанын айтты.

Ескерту: видеода зорлық-зомбылық көріністері бар және бейәдеп сөздер айтылған! Психикасы әлсіз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079824-qaragandy-oblysynda-er-adam-qyzdy-kosede-uryp-soqqan-videoga-qatysty-policiya-tusinik-berdi/