Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күллі әлемге күлкі болдық": жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың соты жайлы айтты

Жарияланған күні:

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Скриншот: youtube.com/@SupcourtRK

Елордада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Оның барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Игорь Вранчев сот процесінің созылып жатқанына қатысты наразылығын білдіріп, "күллі әлемге күлкі болдық" деген пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотқа тағы бірқатар куәгерді шақыру жөнінде өтініш түсірді. Олар Салтанат Нүкенова қаза болған күні экс-министрдің інісі хабарласқан дәрігер мен оқиға орнына келген екінші полиция қызметкерінен жауап алуды сұрады.

Алайда жәбірленуші тараптың қорғаушысы Игорь Вранчев наразылығын білдірді.

"Сот комиссиялық сараптамаға қатысқан сарапшыны шақыруды мақұлдады. Бұл тұрғыда Бишімбаевтың қорғаушыларының келтіріп отырған негіздемелеріне назар аударуларыңызды сұраймын. Олар "сарапшы гистологиялық нұсқаларды көрмегенін гистолог мамандар дәлелдей алады" деп айтты. Бұл тұрғыда менде бір сұрақ туындайды. Сіздер гистолог мамандармен сөйлесіп үлгердіңіздер ме? Олар дәлелдей аламыз деді ме?

Бұл пікірді неге сүйеніп айтып отырсыздар? Құрметті сот, осы жайтқа назар аударуыңызды сұраймын. Басқа сарапшыны шақырып, сот отырысын соза берудің қажеті жоқ. Тек бір сарапшыны шақырып, одан жауап алған жеткілікті деп ойлаймын. Бишімбаевтың қалауының арқасында күллі әлемге күлкі болдық. Бәрі сот отырысының созылып жатқанына күліп жатыр", - деді адвокат.

Судья тараптардың пікірін тыңдап, Бишімбаевтың қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, қосымша куәгерлерді шақыру салдарынан сот процесі созылып кететінін айтты.

Сот отырысының басында судья алдағы уақытта сотқа шақырылатын куәгерлердің тізімін жария етті. Олардың арасында Салтанат Нүкенованың сіңлілері, құрбысы, Салтанатты өлі күйінде бірінші болып көрген жедел жәрдем дәрігері, оқиға орнынан келген полицей, "Бау" мейрамханасының жетекшісі мен сол түні жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080700-kulli-alemge-kulki-boldyq-zabirlenusi-taraptyn-advokaty-bisimbaevtyn-soty-zaily-aitty/