Семейде көктемгі экологиялық екіайлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті
Жарияланған күні:
Оған 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 10 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты.
Сенбілікке Семей қаласының тұрғындарымен қатар, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, Бейбітшілік аралындағы және Степной кентіндегі аумақты тазарту жұмыстарына атсалысты. Сондай-ақ, сенбілікке "ҚТЖ"ҰҚ" АҚ Семей филиалының қызметкерлері қатысып, темір жол бойындағы қоқыстарды тазартты.
Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 65 самосвал көлігі жұмылдырылды.
Сонымен қатар, сенбілік бір мезетте қаланың барлық аудандарына өтті. Атап айтқанда Атап айтқанда, Степной, Восточный, Жоламан, Холодный ключ, Юность, Ұшақтар, Мирный, Дальняя кенттерінде және Бейбітшілік аралында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.
Сағат 12:00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 80 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080808-semeide-koktemgi-ekologiyalyq-ekiailyq-ayasynda-auqymdy-zalpyqalalyq-senbilik-otti/