Алматы облысында ауылды су басты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы облысы Жібек жолы ауылындағы кей көшелерді су басты. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін желіде Жібек жолы ауылының көшелерін су басқаны көрсетілген кадрлар тарады. Видео сипаттамасында видеоның түнде түсірілгені жазылған. Су жол бойымен ағып, кей көшелерде үлкен шалшық болып тұрып қалған.
"Осы үшін арық жүйесі ойлап табылған", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері пікір блдірді. Олар су басуды жою бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Қарасай ауданы әкімдігінің аппараты Жібек жолы ауылындағы Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ Жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде арық қазып, арнайы техникамен су сору жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, себебі сол жерлерде су жиналған", - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство өкілдері қазіргі уақытта ұзындығы төрт километрден асатын арық қазылғанын атап өтті.
"Жағдай бақылауда, тағы ақпарат беріледі. Зардап шеккендер жоқ", - деп қосты әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080985-almaty-oblysynda-auyldy-su-bastyvideo/