Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайта жерленеді": Атырау облысында бөгет жасау үшін топырақ қазу кезінде адам сүйектері табылды

Жарияланған күні:

Жайық өзені, Атырау
Атырау қаласы. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде адамның 12 бас сүйегі мен 26 дене сүйегі табылды. Бұл туралы Atyrau Press басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, құзырлы орган қызметкерлері фактіні тіркеп, тергеу алды тексеру жұмыстарын бастаған. Алдағы уақытта табылған сүйектер қайта жерленетін болады.

"Ескі Сарайшық үшін археологиялық қазба кезінде адам сүйегінің табылуы жаңалық емес. Өйткені, ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені баршамызға белгілі. Археологиялық зерттеу  барысында да, тіпті ескі Сарайшық ауылы ішінде түрлі жұмыстар барысында да адам сүйектері жиі кездесіп жатады.

Ал бүгінгідей елде су тасқынынан  қорғау мақсатында жасалып жатқан үлкен жұмыстар кезеңінде Жайық жағалауында мыңдаған маман дамбы соғу барысында адам сүйектерінің шығуы заңдылық. Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар өз жұмыстарын атқарып, оларды зерделеп, жер қойнына салт-дәстүріміз бойынша тапсырады", - деді "Сарайшық" музей-қорығының директоры Мұхтар Әбілсейіт.

Бұған дейін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір Жайық бойында орналасқан Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласына бөгет тұрғызу, жаға бекіті жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081330-atyrau-oblysynda-boget-zasau-usin-topyraq-qazu-kezinde-adam-suiekteri-tabyldy/