Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына ескерту жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда бүгін түстен кейін нөсер жаңбыр жауады – жауын-шашын 15 миллиметрге жетуі мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалада бүгін сағат 14:00-ден кейін жаңбыр жауады.

"Алматы қаласында 9 сәуірде сағат 14:00-ден кейін жаңбыр жауады, 16:00-ден кейін нөсерге айналады, ол 20:00-ге дейін жауады деп болжанып отыр. Жауын-шашынның биіктігі 15 миллиметрге дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 320 жұмысшы мен 96 арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазартып жатқаны айтылған.

Сондай-ақ су тасқынының алдын алу және проблемалы учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 52 жедел мобильді топ кезекшілікте болады. Бұған қоса 2 мыңнан астам құм салынған қап әзірленген.

Күндіз барлығы 465 арнайы техниканы, 29 мотопомпаны және 820 жол қызметкерін жұмылдыру жоспарланған.

"Ауа райының нашарлауына байланысты ағаштар мен электр сымдарының құлау қаупіне байланысты жүргізушілерге көлігін жол жиегіне қою ұсынылмайды.

Су тасқынының алдын алу үшін азаматтардан арықтарға, нөсер ағындарына және каналдарға қоқыс тастамауын сұраймыз.

Қандай да бір аумақты су басқан жағдайда жедел шаралар қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне хабарласуға немесе +7 706 689 8898 WhatsApp нөміріне хабарлама жазуыңызға болады", - деп ескертті әкімдіктегілер мегаполис тұрғындарына.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, ертең де нөсер жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +17...+19°С болады.

Еске салсақ, бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде де жаңбыр жауады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081387-almaty-akimdigi-qala-turgyndaryna-eskertu-zasady/