Дер кезінде көмек көрсетілсе, Нүкенова тірі қалуы мүмкін бе еді: сарапшы жауап берді
Жарияланған күні:
Бүгін бұрынғы министр Қуандық Бишімбаеватың соты қайта жалғасып жатыр. Сотта сот-медициналық сарапшы жедел жәрдем дер кезінде шақырылса, Салтанат Нүкенованы аман алып қалуға болатын ба еді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Маман Тахир Халимназаровтың Салтанат Нүкенованың көптеген жарақаты жайлы мәліметінен кейін қорғаушылар одан жедел жәрдем уақытылы көмек көрсетсе, Салтанат Нүкенованы аман алып қалу мүмкін бе еді деп сұрады.
"Жарақат тек субдуральды гематомамен бірге жүретін жағдай болады. Мұндай уақытта сұйықтықты алып, қансырауды тоқтатса, құтқаруға болады.
Алайда дәл осы жағдай (жарақаттары – ред.) күрделі. Аман алып қалу мүмкіндігі өте төмен. Аман алып қалуға болатын шығар. Алайда бұл екіталай", – деп жауап берді сарапшы.
Сонымен қатар сарапшы марқұм Салтанаттың басындағы субдуральды гематоманың көлемі 230 мл болғанын және бұл миды қысып, ығыстырған қан мөлшері екенін атап өтті.
"Бұл өлімге әкеледі. Тіпті 50-60 милилитрдің өзі денсаулыққа қауіп төндіретін мөлшер", – деді сарапшы.
Бұған дейін сотта марқұмның денесіне жасалған сот-медициналық сараптама оқылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081513-basynda-230-ml-qan-boldy-zedel-zardem-der-kezinde-saqyrylsa-nukenova-tiri-qalu-mumkin-be-edi/